Спорт

«Мойнында бейджик бар»: Ұлын Олимпиадаға апарған Головкиннің басы дауға қалды

скриншот

Желіде Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин өз баласын аккредитациядан өткізіп, Париж Олимпиадасына алып барды деген ақпарат тарады.

Саясаттанушы Талғат Қалиевтің айтуынша, биыл Париж Олимпиадасына баруға тиіс тұлғалар аккредитациясыз қалды.

«Мұнда көбі аккредитациядан өткенін білдіретін бейджбен отырған баланың Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкиннің ұлы екенін айтып жатыр. Головкин қазақ спортына ең мықты америкалық тәсілдерді, стандарттарды және дәстүрлерді енгізеді деп ойлаған едік. Алайда ол ескілікті күшейтуді әрекет етіп жатқан сияқты. Биыл Олимпиадаға баруға лайық болған көптеген шенеуніктер аккредитациясыз қалды. Ал Головкиннің ағасы мен ұлы олимпиада тамашалауға кетті», – деп жазды ол.

Ал журналист Михаил Козачков, комитет өкілі Жанар Өтешова Олимпиадаға тек керек адамдар іріктелгенін алдын ала мақтанышпен хабарлағанын айтты.

«Олимпиададағы күлкілі жағдай. Ойын қарсаңында Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Жанар Өтешева өзінің Telegram-арнасында Парижге делегация құрамымен ең қажет адамдар ғана баратынын айтты. Ол артық жолаушыларға аккредитациядан бас тартылғанын мақтанышпен хабарлаған еді. Ол тек спортшыларды, жаттықтырушыларды, менеджерлер мен спарринг серіктестерді қабылдадық деген еді. Бірақ Олимпиада ойындарын қарап отырсам, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкиннің ұлын көзім шалды. Неге екені белгісіз, оның мойнында бейджик бар. Бұл аккредитациядан өткенінің белгісі болса керек. Осы орайда мынадай сұрақ туады: ол біреудің спарринг серіктесі ме әлде жаттықтырушы ма?», – деп жазды журналист.