Саясат

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Эстония елшісін қабылдады

СІМ

Тараптар екіжақты ынтымақтастық және көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Эстония Республикасының елшісі Тоомас Тирсті дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық және көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, көлік, логистика және цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

Эстония Елшісі Қазақстандағы миссиясы барысында тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша берік және үйлесімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға сенім білдірді.