Саясат

Қазақстанға Конго мен Өзбекстан президенті келеді

Ақорда. Фото: istockphoto.com

Бл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамыз күндері Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келеді.

7-8 тамыз күндері Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік сапары болады.

9 тамыз күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі өтеді.