Қымбат Досжан бельгиялық Жәнібектің ісіне қатысты тың ақпарат айтты
Жәнібектің жағдайына қатысты істі тергеп жатқан адам Көкшетауға кеткен.
Белгілі тележүргізуші Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің туған анасын іздеу әлі де жалғасып жатқанын хабарлады.
Оның айтуынша, Жәнібектің жағдайына қатысты істі тергеп жатқан адам Көкшетауға кеткен.
«30 шілде – әлемдік Адам саудасына қарсы күрес күні. Қазақстан адам саудасына қарсы заңнаманы күшейтті. Біріккен Ұлттар Ұйымының сайтына шыққан мақаланы оқи отырыңыздар. Журналист Күлпаш Қоңыроваға рахмет. Мұрат Савелиевтің анасын іздеу бір сәт тоқтаған жоқ. Тергеуші Көкшеге жолға шықты», – деп жазды ол.ъ