Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер лифтте қалып қойған 2 жастағы сәбиді құтқарды

Сурет: www.istockphoto.com

"102" операторына көпқабатты үйдің жедел сатысында қалып қойған сәби туралы хабарлама келіп түскен.

Полицейлер Ақжол Кибатоллаев пен Жантөре Әліпкалиев лифтте қалып қойған баланы құтарып алды, деп хабарлады turkystan.kz.

"Жедел басқару орталығының қызметкерлері 8 қабатта тұрып қалған баланы құтқару үшін патрульдік экипажды бағыттады. Оқиға орнына жеткен Ақжол Кибатоллаев пен Жантөре Әліпкалиев лифт ішінде жылаған баланың дауысын естіп, есігін күшпен ашып, 2 жастағы баланы аман-есен алып шықты. Сәбидің анасы тәртіп сақшыларына алғыс білдірді", - делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.