Спорт

Нұрбек Оралбай Олимпиаданың 1/4 финалына шықты

Нұрбек Оралбай – 2023 жылғы әлем чемпионы

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.

80 келі салмақта жұдырықтасатын 2023 жылғы әлем чемпионы Нұрбек аустралиялық Каллум Питерсті тартысты өткен жекпе-жекте жеңді.

Осылайша ол Олимпиаданың 1/4 финалына шықты.