Спорт

Қытай қазағы Олимпиада ойындарындағы алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды

Getty Images

Тоқтарбек Таңатқан – жазғы Азия ойындарының чемпионы

Бокстан Қытай ұлттық құрамасы сапында өнер көрсететін Тоқтарбек Таңатқан Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды.

80 келі салмақта жұдырықтасатын ол 1/16 финалда доминикандық Кристиан Пиналеспен қолғап түйістіріп, ақырында 5:0 есебімен қарсыласына жол берді.

Тоқтарбек Таңатқан – жазғы Азия ойындарының (2022) чемпионы, сонымен қатар әлем чемпионатының (2023) күміс жүлдегері. Токио Олимпиадасының қатысушысы. «Қытайдың бокс королі» атағының 2017, 2019, 2020 және 2021 жылдары төрт рет иеленген.