Спорт

Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

instagram.com/asu_zulfikar57

UFC-дің ең үздік 15 спортшысының қатарына кірген қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегінің уақыты анықталды.

UFC тұжырымында қатарынан үш жекпе-жекте жеңіп келе жатқан Асу Алмабаев төртінші кездесуінде рейтингте үздік ондықта тұрған спортшымен жекпе-жекке шығады. Отандасымыз келесі жекпе-жегін 19 қазанда Лас-Вегаста UFC Fight Night турнирінде өткізеді.

Алмабаев рейтингте 8-орында тұрған бразилиялық Матеус Николаумен (19-4-1) жекпе-жекке шығады. Николау UFC-де 10 жекпе-жек өткізіп, соның жетеуінде жеңіске жетсе, 3 рет ұтылып қалған. Айтпақшы, қос спортшы да UFC рейтингінде 7-орында тұрған Мухамад Мокаевтың лигадан кетуін байланысты жоғарылаған. Асу 14-орынға көтерілсе, Матеус 8-орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін 16 маусым күні Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонға (16-8) қарсы өткізіп, жеңіске жетсе, Матеус соңғы екі шайқасында Брэндон Ройвал және Алекс Перестен ұтылып қалған.