T-LIFE

"Күйзеліс кезінде жыртып тастаған": Қытайда банк қызметкерлері 100 мыңға бөлінген ақшаны құрап шықты

сурет: SCMP composite/Baidu

Төрт банк қызметкері 20 күн бойы жұмыс істеп, 100 мыңға бөлінген купюраларды құрап шықты.

Қытайда банк қызметкерлері 100 мыңға бөлінген ақшаны құрап шықты, деп хабарлайды scmp.com.

Қытайда бір әйел күйзеліс кезінде отбасына ақша қажет болғанына қарамастан 32 мың юань болатын банкноталарды ұсақтап жыртып тастаған.

Жыртылған ақшаларды ешбір банк қабылдамаған, алайда бір банк купюраларды қалпына келтіруге келісіпті.

Елдегі ережеге сәйкес, жыртылған банкноталарды қайта құрап, жабыстырғаннан кейін ғана айырбастауға болады.

Төрт банк қызметкері 20 күн бойы жұмыс істеп, 100 мыңға бөлінген купюраларды құрап шықты.