Жаңалықтар

Бурабайдағы Жұмбақтасқа көтерілуге тыйым салынуы мүмкін

istockphoto.com

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Бурабай табиғи паркінің басшылығына туристердің Жұмбақтасқа шығуына тыйым салуды ұсынатынын мәлім етті. Бұл туралы министр Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Қазір тасқа дейін жүзіп барып, үстіне шығуға тыйым жоқ. Бірақ ол тастарға жазу жазып, таңба қалдыруға тыйым салынған. Соның өзінде туристердің көбейгеніне байланысты бұл орынды ұсыныс деп ойлаймын. Оған шығуға тыйым салған дұрыс шығар. Мен Бурабай ұлттық паркіндегілермен сөйлесемін. Бұл парк Президент іс басқармасына қарайды», - деді Ерлан Нысанбаев.