Абай облысында науқастарға мерзімі өтіп кеткен анестезия қолданылған
Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақытылы жойылмауы анықталды.
Абай облысы Мақаншы ауданының денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында прокуратура дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заңбұзушылықтарды анықтады.
Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақытылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды.
Сонымен қатар ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия препараттарын қолданылған.
«Нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, оларға Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 426-бабы «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу» бойынша 1,5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды», – деп мәлімдеді прокуратура.