Спорт

Абылайхан Жұбаназар Олимпиаданың алғашқы айналымында жеңіліп қалды

Olympic.kz/Сали Сабиров

Абылайхан Жұбаназар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевтың жеңісті жолын жалғастыра алмады

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Абылайхан Жұбаназар Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы алғашқы кездесуін өткізді.

81 келіге дейін салмақ дәрежесінде белдесетін Абылайхан Жұбаназар Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, венгриялық Аттила Унгваридан айласын асыра алмады.