Жаһан

Ирландия тұңғыш рет ДНҚ тестіне қарап азаматтық берді

сурет: bbc.co.uk

АҚШ-та кішкентай кезінде белгісіз біреулер монастырьге тастап кеткен азамат 60 жылдан кейін ДНҚ тестінің арқасында ирландиялық екенін анықтаған.

Ирландия тұңғыш рет ДНҚ тест қорытындысына қарап азаматтық берді, бұл туралы ВВС жазды.

АҚШ-та кішкентай кезінде белгісіз біреулер монастырьге тастап кеткен азамат 60 жылдан кейін ДНҚ тестінің арқасында ирландиялық екенін анықтаған.

Ол өзінің шыққан тегін білмеген, монастрьде өскен. Бірақ 60 жыл өткен соң ДНҚ-тест нәтижесінде оның 100% ирландиялық екені анықталды.

Ирландия оған алғаш рет ДНҚ-тест негізінде паспорт берді, енді ол ЕО азаматтығын алып, туыстарын тапты.