Спорт

Елдос екеміз бір-бірімізге құдамыз – Ғұсман Қырғызбаев

instagram.com/ yeldos60kg

Елдос екеуміз бір-бірімізді көрсек «құдеке» деп сөйлесеміз, — деді Ғұсман Қырғызбаев .

Бірнеше күн бұрын Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдодан қола медаль жеңіп алған Ғұсман Қырғызбаев Елдос Сметов екеу бір-біріне бесік құда екенін мәлім етті. Бұл туралы turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Елдос екеміз бір-бірімізге құдамыз. Бір күні Елдос әйел баласымен үйіме қыдырып келді. Әңгіме арасында Елдос маған «екеуміз қаншама уақыттан бері бірге күресіп, бірге келе жатырмыз. Қайда барсақ та бірге барамыз. Оқу-жаттығу жиындарына да, жарыстарға да бірге аттанамыз. Арамыздан қыл өтпестей доспыз. Бірдеме айтсам ренжіп қалмайсың ба» деді. Көңілімде ештеңе жоқ, берден «айта бер, ренжімеймін» дедім. «Екеуміздің достығымыз мәңгілік болсын. Сенде қыз бар, менде ұл бар. Сенің қызыңа ұлымды қазақы дәстүрмен атастырғым келіп отыр. Бүгінгі достар болашақта құда-құдағи болайық» деді. Ауызым ашылып, көзім бақырайып тұрып қалдым. Ол маған «сол күнге жеткізсін демейсің ба? Мен сырғамды алып келдім» деп қызыма сырға тақты. Осылай екеуміз қазір бір-бірімізді көрсек «құдеке» деп сөйлесеміз», — деді Ғұсман Қырғызбаев Kazinform тілшісіне.

Еске салсақ, 28 щілдеде Қырғызбаев Париж Олимпиадасында 66 келі салмақта қола медаль жеңіп алған болатын. Ал 60 келіде өнер көрсеткен Елдос Сметов  финалда француз Лука Мхекидзені жеңіп, алтын жүлдені иеленген болатын.