Қоғам

Қарасай ауданында жасөспірім су қоймасындағы құбырға батып кетті

ТЖД

Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы облысында бір баланың суға кеткенін хабарлады.

Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылында бір топ жасөспірім су қоймасының ашық шлюзының маңайында шомылып жүрген.

Үйге қайтар уақытта олар бір баланың жоқ екенін байқаған.

Өз бетінше іздеп таппаған соң шлюзды жауып құтқарушыларды шақырған.

РЖҚЖ сүңгуір-құтқарушыларының жедел тобы оқиға орнына шығып іздеуді бастады.

Құтқарушылар шамамен батқан орнын анықтап тексергеннен кейін шлюзды ашу жөнінде шешім қабылдады.

Су жіберілгеннен кейін арнадан 2008 жылы туған баланың денесі табылды.

Шамамен шомылып жүрген кезінде бала суға батып, кейіннен денесін құбырға тартып әкеткен.