Спорт

Қазақстанда туған спортшы Париж Олимпиадасының чемпионы атанды

Оның қоржынында тек Олимпиада медалі жоқ еді.

Әзербайжандық дзюдошы Хидаят Гейдаров Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.

73 келіде белдесетін ол тартысқа толы финалда француз спортшысы Жоан-Бенджамин Габаны жеңді.

Хидаят Гейдаров биыл әлем чемпионатында, Еуропа чемпионатында жеңімпаз атанған болатын. Рейтингте көш бастап тұрған атлет.

Ол 1997 жылы 27 шілдеде Қарағандыда әзербайжан отбасында дүниеге келген. Үш жасқа толғанда отбасымен бірге тарихи Отанына, анығырақ айтсақ Бакуге қоныс аударған.

Еске сала кетейік, бұл салмақта белдескен отандасымыз Данияр Шамшаев алғашқы кездесуінде-ақ жеңіліп қалған болатын.