Қоғам

«Францияның әсері әлі тарқамады»: Ерке Есмахан қазақстандық спортшыларға сәттілік тіледі

Ерке Есмахан бұған дейін күйеуімен бірге Франция елінде болып қайтқан еді.

Әлеуметтік желіде танымал әнші Ерке Есмахан Париж олимпиадасын тамашалап жүргені жайлы жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Францияның әсері әлі тарқамады. Дәл қазір Парижде олимпиадада біздің спортшылар еліміздің атын шығарып жатыр. Алғашқы алтынымыз бар. Сәттілік тілеймін! Париж биігінде Қазақстан туы желбірей берсін!», - деп жазды әнші.