Жаңалықтар

Ертіс өзеніне батып кете жаздаған ер адам құтқарылды

Ер адамды құтқарушылар аман алып қалған.

Бүгін Ертіс өзенінде арнайы қалқымалардан жасалған ескерту жолағынан асып кеткен ер адамды ағын алып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Абай облысының Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері патрульдеу кезінде суға батып бара жатқан адамды байқап, жағаға жеткізіп, оған жедел көмек көрсетті. Құтқарылған адам медициналық көмекке мұқтаж емес. Ер адамның өмірін сақтап қалған қаһармандардың есімдері - Константин Ульянов пен Архат Тілеуберлинов», - деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.