Қостанай облысына жаңадан бас имам тағайындалды
Бұл орынға Қостанай қалалық «Марал Ишан» мешітінің имамы лайық деп танылған.
Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысының бас имамы болып Бектұрсын Уалиев тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Жаңадан тағайындалған бас имамды өңірдің дін қызметкерлеріне ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырып, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.
Сондай-ақ Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңірдегі қала және аудан бас имамдарының қатысуымен өткен жиында облыстық Дін істер басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы жаңадан тағайындалған бас имам Бектұрсын Торғайбайұлына ізгі тілегін білдіріп, жауапты қызметіне абырой тіледі.