Спорт

«Олимпиада ойындарына дайындықсыз келдім» – Дзюдошы Данияр Шамшаев

Спорт дирекциясы

Данияр Шамшаев Олимпиададағы жарыс жолын аяқтады

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Данияр Шамшаев Париж Олимпиадасының алғашқы айналысымда жеңілуіне не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен Олимпиада ойындарына толық дайындықсыз келдім. Оқу-жаттығу жиындарым аз болып қалды. Олимпиада алдында бір айдай асқазаным ауырып, көп уақытымды емделуге жіберіп алдым. Алда әлі талай додалар бар ғой, бұл Олимпиадада жолым болмады. Бір сәтсіздік бір сабақ дегендей, болашақта еліміздің намысын абыроймен қорғаймын деп ойлаймын», – деді Шамшаев.