15 жастағы атыраулық жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады
Қайғылы оқиға 28 шілде күні сағат 06:30 шамасында болған.
Атырауда жасөспірім бесінші қабаттың терезесінен секіріп кетіп, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.
Қайғылы оқиға 28 шілде күні сағат 06:30 шамасында болған.
Полиция тергеу мүддесі үшін егжей-тегжейлерді ашпай отыр.
"2009 жылы туған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық іс қозғалды, жан-жақты тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жариялауға жатпайды", - деп хабарлады полиция.