Қызылордада газ баллоны жарылды: 4 бала жансақтау бөліміне түсті

29 шілде, 2024 / Анель Жарылғасын
Облыстық ТЖД
Облыстық ТЖД балалар мен жасөспірімдерге электр, газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесін түсіндіруді сұрайды.

Қызылорда қаласындағы Әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде табиғи газдың шығуы салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы болды.

4 жасөспірім зардап шеккен. Қазіргі таңда олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Облыстық ТЖД балалар мен жасөспірімдерге электр, газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесін түсіндіруді сұрайды.

Тэгтер:

Қызылорда Жарылыс газ баллон