Жаңалықтар

Суда жүзуден Олимпиада чемпионы әке атанды

Olympic.kz

Дмитрий Баландин 2022 жылы шаңырақ көтерді және сол жылы спорттағы мансабын аяқтады.

2016 жылы Риодағы Олимпиадада cуда жүзуден чемпион болған Дмитрий Баландин жұбайы Кристина Тыныбаевамен ата-ана атанды. Отбасындағы қуанышты хабарды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. Сәби 28 шілде күні дүниеге келген. 

Айта кетейік, Дмитрий Баландин 2022 жылы шаңырақ көтерді және сол жылы спорттағы мансабын аяқтаған болатын. Сондай-ақ жұбайы да синхронды жүзуден спорт шебері. 

Еске салсақ, 29 жастағы Баландин 2016 жылы Риодағы Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде алтын алған еді. Ол 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы, 2015 жылғы Универсиада чемпионы. 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Қазақстан рекордының иегері. Су спортынан Олимпиада алтынын жеңіп алған алғашқы спортшы.