Спорт

«Жарақат алса да қайтқан жоқ»: Депутат Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтты

Әбиба Әбужақынова. Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Депутат спортшымыз Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салғанын жеткізді.

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жүлде ала алмаған дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға өз атынан сыйақы бермек. Бұл туралы халық қалаулысы Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп - Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Қанеки, жалғастырайық, Қазақтың Жігіттері!», - деп жазды.