Жаңалықтар

БҚО-дағы ауруханада жүкті әйел қайтыс болды

istockphoto.com

Марқұмның артында 3 баласы қалды. Оның үлкені 11, кішісі 5 жаста.

Қайғылы оқиға 15 мамыр күні Жанғалы аудандық ауруханасында болған. 36 жастағы Индира Такесова төртінші сәбиін босану кезінде қаза тапты. Әйел ауруханаға өз аяғымен келген. Алайда, өзі де, бала да ауруханада көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Мой город басылымына сілтеме жасап.

«Сол күні Индираның өзі таңертең көлік жүргізіп, ауруханаға барды. Бәрі жақсы болды, ол ештеңеге шағымданбады, үш баланы да өзі дүниеге әкелген. Бұл жолы дәрігерлер оған қалаға баруға үлгермейтінін және аудандық ауруханада босанатынын айтқан. Бірақ қандай да бір себептермен дәрігерлер кесарь тілігін жасаймыз деп шешкен. Себебін әлі білмейміз. Бала да, әйелім де қайтыс болды. Ота жасалмай жатып, өліп кеткен», - деді марқұмның күйеуі Нұржан Қанатов.

Марқұмның артында 3 баласы қалды. Оның үлкені 11, кішісі 5 жаста.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Индира Такесованың қайтыс болу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 317-бабы бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Тиісті сараптамалар тағайындалды.