Максим Самородов ресейлік «Ахмат» клубына ауысады
Максим Самородов бұдан былай Ресей чемпионатында бақ сынайды.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов ресейлік «Ахмат» клубына ауысады, деп хабарлайды «Серый Cardinal» Телеграм арнасына сілтеме жасап.
Арна таратқан мәліметке сүйенсек, келісімшарт негіздері келісілген. Максим осы аптада «Ақтөбе» сапынан кетіп, Шешенстанға жол жүруге тиіс. Футболшы кеше «Қызылжар» командасын қарсы ойыннан кейін ақтөбелік жанкүйерлермен қош айтысқан болатын.
Еске сала кетейік, Грозныйда жаттығатын «Ахмат» клубын Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Магомед Әдиев жаттықтырады.