Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Париждегі Олимпиада ойындарының бірінші айналымында ұтылды.
Жазғы ойындардың алғашқы айналымында 18 жастағы чехиялық Якуб Меншикпен кездесті.
Екі сетке созылған матчта Меншик 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, жұптық сында қазақстандық атлеттер қалған жоқ. Ерлер арасындағы жұптық сында Александр Бублик пен Александр Недовесов ойнайды.