Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

28 шілде, 2024 / Ақмарал Берекет
istockphoto.com
Өткен аптада елімізде бірқатар кадрлық тағайындау болды

Өткен аптада елімізде бірқатар кадрлық тағайындау болды.

Атап айтқанда, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Ертай Алтаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Сонымен қатар Төлеген Кенжебеков Қонаев қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ал Петропавл қаласы әкімінің орынбасары болып Ержан Мұстафин тағайындалды.

Сондай-ақ Ерұлан Жамаубаев «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесіне мүше болып сайланды. 

Тэгтер:

Тағайындау