Жаңалықтар

Париж-2024: Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде үшін таласқа түседі

Olympic.kz

Тәжірибелі дзюдошы финалға өте алмады

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының финалына бір қадам қалғанда сүрінді.

66 келі салмақта белдесетін Қырғызбаев жартылай финалда Бразилия дзюдошысы Уиллиян Лимадан иппон әдісімен жеңіліп қалды.

Енді ол қолда үшін таласқа түседі.