Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың екі дүркін жүлдегерін жеңді

28 шілде, 2024 / Ақмарал Берекет
Туризм жəне спорт министрлігі
Ол екінші жекпе-жекте Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулмен кездесті

Дзюдодан 66 келі салмақта белдесетін Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті. 

Ол екінші жекпе-жекте екі дүркін әлем чемпионаты, екі дүркін Олимпиада жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулмен кездесті.

Жекпе-жек басталған бетте Ғұсман "ваззари" ұпайын еншілеген болатын. Отандық спортшы сол басымдықты кездесу соңына дейін ұстап тұрды. 

Тэгтер:

Париж-2024