Спорт

Париж-2024: Боксшы Айбек Оралбай ширек финалға шықты

olympic.kz

Ол Африка құрлығының үш дүркін жеңімпазы нигериялық Адам Олайтэн Олаорені жеңді

Айбек Оралбай Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Африка құрлығының үш дүркін жеңімпазы нигериялық Адам Олайтэн Олаорені айқын басымдықпен (5:0) жеңді.