Қазақстан қоржынына қола жүлде салған Александра Ле Олимпиада алтынына таласады
Александра Ле бұған дейін аралас сында қола жүлде иеленген болатын.
Нысана көздеуден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Александра Ле Олимпиада ойындарының финалына іркілмей өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол пневматикалық винтовкамен нысана көздеу сайысының іріктеу кезеңінен сәтті өтті.
Іріктеу нәтижесі бойынша Александра алтыншы (631.4 ұпай) нәтижені көрсетті. Финалға іріктеу кезеңінде үздік нәтиже тіркеген сегіз спортшы шығады.
Финал ертең 29 шілдеде өтеді.
Еске сала кетейік, Александра Ле бір кұн бұрын Ислам Сатпаевпен аралас командада үшінші орынға табан тіреп, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған болатын.