Спорт

Елдос Сметов Олимпиаданың алтын медалі үшін қанша көлемде сыйақы алады?

ҰОК, Сали Сабиров

Дзюдодан Елдос Сметов Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиаданың алтын медалі үшін қомақты жүлдеге ие болады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, елге Олимпиада ойындарының «алтынын» әкелген спортшы 250 000 доллар алады. Сондай-ақ Олимпиада жүлдегерлері үшін мынандай жүлделер белгіленді: күміс медаль – 150 000 доллар, қола – 75 000 доллар.

Айта кетейік, дзюдодан Елдос Сметов Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды.