Спорт

Париж-2024: Дмитрий Панарин алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды

olympic.kz

Оның келесі қарсыласы – канадалық Брайан Янг

Бадминтоншы Дмитрий Панарин Олимпиада ойындарындағы алғашқы кездесуінде жапониялық Кента Нишимотоға 0:2 (5:21, 11:21) есебімен есе жіберді.

Айта кетелік, Панарин іріктеу кезеңінде D  тобында өнер көрсетуде. Оның келесі қарсыласы – канадалық Брайан Янг. 

Дмитрий Панарин бадминтоннан Олимпиадаға қатысқан алғашқы қазақстандық спортшы.