Шымкенттегі күкірт өрті: ТЖМ мәлімдеме жасады
Мәлімет бойынша, өрттен зардап шеккендер бар
Шымкенттегі күкірт өрті оқшауланды. Оқиға орнында 300-ге жуық адам, 100-ден астам техника, 1 өрт сөндіру пойызы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
28 шілдеде таңғы сағат бестер шамасында төтенше жағдай министрлігі Шымкент индустриалды аймағындағы өрт толығымен сөндірілгенін хабарлады.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп хабарлады министрлік.
Бір күн бұрын Шымкент индустриалды аймағында күкірт өртеніп, сол маңға жақын ықшамаудан тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген еді. Түнге қарай эвакуацияланғандар саны 350-ден асқан.
Мәлімет бойынша, өрттен зардап шеккендер бар.
10 адам медициналық көмекке жүгінген: бірін күйік шалған, тоғызында улану белгілері байқалған. Дәрігерлер тексергеннен кейін екі адам ауруханаға жатқызылған, сегіз адам үйлеріне жіберілген.