Жаңалықтар

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

istockphoto.com

28 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгін еліміздің елімздің басым бөлігінде жауын-шашын жаууы ықтимал.

Ұлытау облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

28-29 шілдеде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Алматы қаласында: 28-29 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады. Қонаев қаласында: 28-29 шілдеде жоғары өрт қаупінен (4 класс) төтенше өрт қаупіне (5 класс) дейін жоғарылауы күтіледі.

Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында: 28 шілдеде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында: 28 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

Павлодар облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері аудандарында екпіні 17-22 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Талдықорған қаласында: 28 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 37-39 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тауларда екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Түркістан қаласында: 28 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының орталығында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қаласында: 28 шілдеде түнде кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Таңертең және күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Таңертең және күндіз найзағай. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Семей қаласында: 28 шілдеде күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 28 шілдеде күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысында батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 28 шілдеде батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ.: 28 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 28 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 28 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.