Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанды

27 шілде, 2024 / Ақмарал Берекет
olympic.kz
Елдос Сметов – Олимпиада чемпионы

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.

60 келіде өнер көрсеткен ол финалда татами иесі, француз Лука Мхекидзені жеңіп, алтын жүлдені иеленді.

Елдос бұған дейін Рио-2016 Олимпиадасында күміс, Токио-2020 Олимпиадасында қола медаль алған еді.

Тэгтер:

Париж-2024