Жаңалықтар

Алматы әкімі Олимпиада жүлдегерлерін құттықтады

gov.kz

10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола медаль жеңіп алған болатын

Алматы әкімі Ерболат Досаев пневматикалық мылтықтың атқыштары Ислам Сәтбаев пен Александра Лені Париждегі Олимпиада ойындарында қола медальдарымен құттықтады. 

"Сіздердің еңбектеріңіз, спорттық шеберліктеріңіз лайықты марапатқа ие болды. Олимпиадада қола медаль мен құттықтаймын. қаланы әлемдік арнада таныс етіңіздер. Сол үшін біз ерекше қуаныштымыз. Сіздерге одан әрі сәттілік пен жаңа жеңістер тілеймін. Алматы Сіздерді мақтан тұтады", - деді қала басшысы Ерболат Досаев. 

Ислам Сәтбаев 1998 жылы 21 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Оқ атудан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2023 жылғы Әлем Кубогының күміс жүлдегері, 2021 жылғы Азия чемпионы, 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері, 2022 жылғы Әлем Кубогының қола жүлдегері.

Қазақстан Республикасының оқ атудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александра Ле 2004 жылы 3 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Жетістіктер қоржынында - 2024 жылғы Азия чемпионы, 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, 2023 жылғы Әлем Кубогының жеңімпазы.