Тағы бір теннисшіміз Олимпиадаға қатыспайтын болды

27 шілде, 2024 / Ақмарал Берекет
ktf.kz
Себеп: тізе жарақаты

Олимпиададағы тағы бір теннисшіміз, Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жарысқа қатыспайтын болды.

Себеп: тізе жарақаты.

Теннисші бүгін алғашқы матчын украиналық Марта Костьюкке қарсы ойнауы керек болған.

Енді орнына Жаңа Зеландия спортшысы Лулу Сан ойнайды.

Тэгтер:

Париж-2024