Қоғам

Атырауда субұрқаққа құлаған 3 жасар бала қайтыс болды

Атырау облыстық полиция департаменті

Оқиға 26 шілдеде сағат 17:50 шамасында болған

Атырау қаласында 3 жасар бала субұрқаққа құлап, қайтыс болды, деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.

Оқиға 26 шілдеде сағат 17:50 шамасында болған. 

Атырау қаласындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан 2021 жылғы баланың аяғы субұрқақ ішіндегі циркулярлы насосқа қысылып қалған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды.