Спорт

Париж-2024: Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті

Азаттық радиосы

Қазақстан пневноматикалық винтовкамен оқ ату бәсекесінде Германияны жеңді

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының қола  жүлдегері  атанды. 

10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра  Ле қола медаль жеңіп  алды.

Кіші финалда олар Германия құрамасынан басым түсті. Есеп - 17:5.