Спорт

Париж-2024: Шымбергенов пен Сафронова ашылу салтанатында Қазақстан құрамасын бастап шықты

видеодан алынған скрин

Парижде XXXIIІ Олимпиада ойындары басталды.

Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде жалауын желбіретті, деп хабарлады turkystan.kz.

26 шілде мен 11 тамыз аралығында 205 елдің 10 500 спортшысы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Олардың қатарында 80 отандасымыз бар.