Жаңалықтар

Димаш «I am a Singer» жобасына қайта оралды

Жаңа маусымда әншілердің ең таңдаулылары жарысқа атсалысады, оның ішінде қытай және басқа мемлекеттерден арнайы шақырылған атақты вокалисттер қатысады.

26 шілде күні HUNAN TV қытайлық телеарнасының эфирінде «I am a Singer 2024» жобасының финалы көрсетілді, деп хабарлады turkystan.kz.

"Димаш Құдайберген американдық әнші және актриса Шанте Мурмен дуэтте ән шырқады. Шанте Мур шығармашылығы заманауи R&B және джаз кроссоверімен байланысты. Көрермендер әртістер арасындағы шығармашылық байланысты сезінді. Өз ісінің екі шебері - Димаш пен Шанте американдық әнші және композитор Тедди Свимстің «Lose control» хитін орындады.", - деп жазылған хабарламада.