Алматы облысы Шалқар ауылындағы жеке тұрғын үй аумағында өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, өрт себебі анықталып жатыр», - деп түсіндірді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.