Жаңалықтар

Қытайдан әкелінген 25 мың келіден аса құс еті жойылды

Сурет: www.istockphoto.com

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Шымкент қаласы прокуратурасының ұсынуы шеңберінде бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізді.

Тексеру барысында Шымкент қаласының «Жібек жолы» сауда орталығының аумағында ветеринариялық сертификатсыз және басқа да қосымша құжаттарсыз Қытайдан әкелінген құс еті табылды. 35 070 кг ет тәркіленді, деп хабарлады turkystan.kz.

ҚР "Ветеринария туралы" Заңының 15-бабына сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері болып табылады.

Еуразиялық экономикалық одақтың ережелеріне сәйкес импортталатын тауарлар тиісті жерге жеткізілген кезде толық ветеринариялық бақылауға жатады. Егер бақылаудағы тауардың шығу тегі оның ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпсіздігін куәландыратын құжаттармен расталмаса, тауар өндіруші есебінен жойылуға немесе жөнелтушіге (экспорттаушыға) қайтарылуға жатады.

Анықталған құс етінің барлық партиясы Шымкент қаласының Ақтас кентінің қалалық қоқыс жинау орталығының аумағындағы Беккари шұңқырында өңделіп, жойылды. Онда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде ет контейнері мен 9 «Газель» жүк көлігі өңдеу шараларынан өтті.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406-бабының 1-тармағына сәйкес жеке кәсіпкерге АЕК айыппұл салынды.