Жаңалықтар

Автобус жолаушыларына маңызды ескерту жасалды

ФОТО; АЙҚЫН-ЛИТЕР

Әр автобус ішінде 4-8 бейнетүсіру камерасы орнатылған! Сіздің кіріп-шыққаныңызбен қоса, дауыс пен дыбыс та жазылады.

City Transportation Systems көлік компаниясы автобуста жоғалатын заттарға қатысты мәлімдеме жасады.

 

«Әр автобус ішінде 4-8 бейнетүсіру камерасы орнатылған! Сіздің кіріп-шыққаныңызбен қоса, дауыс пен дыбыс та жазылады.

Жуырда бір ана балаларына алаңдап, автобуста ұялы телефонын ұмытып кетеді. Осылай онда сақталған қажетті құжаттарынан айырылып қалды. Бір аялдамадан кейін оралып қарағанда, телефон қолды болады.

Құрметті жолаушылар, пакет, телефон тағы басқа затты тапқан кезде оны жүргізушіге беруіңізді сұраймыз. Өйткені ұмытқан адам затын іздейді және бұл оған қажет.

Ал жүргізуші табылған затты жұмыс соңында автобус паркінің диспетчеріне тапсырады», - делінген хабарламада.