Қоғам

СҚО-да 64 жастағы ер адам екі аптадан бері табылмай жатыр

скриншот

Али Аллахвердиев сағат 19.30 шамасында үйінен шығып, Ауди-80 көлігіне мініп кеткен. Содан бері хабар жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғыны Али Аллахвердиев 13 шілдеден бері іздестіріліп жатыр.

Бүгін таңертең волонтерлер, полицейлер, еріктілер және құтқарушылар жоғалып кеткен ер адамды іздеуге жиналды.

Жергілікті волонтерлердің айтуынша, Али Аллахвердиев сағат 19.30 шамасында үйінен шығып, Ауди-80 көлігіне мініп кеткен. Содан бері хабар жоқ.

Али Аллахвердиев 1959 жылы туған. Арықша келген,  шашына ақ түскен, шашы қысқа қиылған, көзі жасыл түсті. Сол жақ қолында жеті күмбез бейнеленген тату суреті бар.