Жаңалықтар

«Қазпошта» Бас прокуратураның ескертуіне жауап берді

qazpost.kz

«Қазпошта» тексеру жүргізуге және бұзушылықтарды анықтауға жан-жақты көмек көрсетті.

«Қазпошта» АҚ  жоспарлы тексеру барысында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің барлық ескертуі мен ұсынысын түзетті. Бүгінде Комитеттің «Қазпошта» АҚ-ға наразылығы мен ескертуі жоқ, деп хабарлайды turkystan.kz қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазпошта» тексеру жүргізуге және бұзушылықтарды анықтауға жан-жақты көмек көрсетті. Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша қызметтік тексеру жүргізілді, олардың қорытындылары тиісті құқық қорғау органдарына берілді.

Сонымен қатар тексеріс қорытындысы бойынша «Қазпошта» ҚР Әкімшілік іс жүргізу кодексінің нормалары мен ережелерін түсіндіру мақсатында барлық өңірлік филиалдарға оқыту семинар-кеңесін өткізді.

«Қазпошта» жеке БАҚ-тар мен кейбір әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары тарататын компанияның өз қызметкерлерінің қандай да бір құқық бұзушылықтарын қасақана және мақсатты түрде жасырғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.

Айта кету керек, Қазпошта орталықта да, жергілікті жерлерде де құқық бұзушылықпен белсенді күресті жалғастырып келеді. Ішкі тексерулер нәтижесінде 2023 жылы жалпы сомасы 396,7 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Барлық факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілді, материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді», – делінген хабарламада.

Былтыр мамыр айында «Қазпошта» ҚР ұлттық пошта байланысы операторы ретінде Дүниежүзілік пошта одағының қауіпсіздігі бойынша сертификаттаудың «Алтын деңгейін» алған болатын. Әрі ол халықаралық және ішкі пошта жөнелтілімдерін өңдеу бойынша стандарттар мен өндірістік объектілердің қауіпсіздігі және технологиялық процестер сияқты екі стандарт бойынша сертификатталған Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Пошта қызметтерінің ішінен алғашқысы болды.