«7 қызметкер жұмысынан кетті»: Ақтөбеде полицей ерлі-зайыптыларды қағып, мерт қылды
Полицей үйлену тойынан кейін мас күйінде көлікке отырып, рульге ие бола алмай қалған.
Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысының полицейі үйлену тойынан кейін мас күйінде көлікке отырып, рульге ие бола алмай, ерлі-зайыптыларды қағып өлтіргені туралы ақпарат тарады.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті, оқиғаға полиция қызметкерінің қатысы барын растады.
«Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші қамауға алынды. Нәтижесінде 7 жауапты қызметкер, оның ішінде тікелей басшылар қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.