«Өлім жолы» деп атаған: Қарағанды облысында екі адам қаза тапты
Оқиға орнындағы бейне әлеуметтік желілерде пайда болды. Желі қолданушылары Қарағанды-Балқаш жолын «Өлім жолы» деп атаған.
Қарағанды облысындағы Алматы-Екатеринбург тас жолында үш көліктің қатысуымен болған апаттан екі адам қаза тапты.
Апат Қарағанды мен Балқаш арасында орын алып, соның салдарынан 2 адам қайтыс болды, тағы 10 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнындағы бейне әлеуметтік желілерде пайда болды. Желі қолданушылары Қарағанды-Балқаш жолын «Өлім жолы» деп атаған.
«ЖКО сағат 15:00 шамасында Шопа елді мекенінің жанында 928 шақырым жерде орын алды. Toyota Prado, Hyundai Sonata және Toyota Avensis автокөліктері соқтығысқан»,-деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады.